Бишімбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығып кетуі мүмкін

Қыркүйек 19, 2024 - 12:35
Қыркүйек 19, 2024 - 12:36
Бишімбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығып кетуі мүмкін
Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы алынбаса ол мерзімінен бұрын бостандыққа шығып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Оразбахова хабарлады. 

"Мәселе ақшада емес. Бастысы – қылмыскерді мерзімінен бұрын шығып кету мүмкіндігінен айыру. Өтемақы сомасы көп болған сайын оның бостандыққа шығып кету мүмкіндігі де аз болады", - дейді адвокат. 

Астана соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты түскен істі қарауға кіріскен. Осылайша, Салтанатттың ағасы Айтым Амангелді экс-министрден өтемақы өндіріп алмақ. 

Айта кетейік, 27 тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы талап еткені белгілі болды. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. 
  

Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow