Солтүстік Қазақстанда атасы немересін абайсызда өлтіріп алды
Атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
"56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан қасында отырған 4 жасар бала жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке қарай, көп ұзамай бала көз жұмды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?