Қазақстан алтын қорын сатып жатқан жалғыз ел

Шілде айында Ұлттық банк төрт тонна бағалы метал сатқан. Нәтижесінде оның алтын қоры 295 тоннаға (жалпы резервтердің 55 %-ы) дейін азайды.

Қыркүйек 5, 2024 - 10:49
Қыркүйек 5, 2024 - 10:50
Қазақстан алтын қорын сатып жатқан жалғыз ел

2024 жылдың шілдесінде Қазақстанның Ұлттық банкі өз алтын-валюта қорларын арттырмай, керісінше, оларды сатумен айналысқан жалғыз ұлттық банк болды. Басқа елдер, әлемдік бағаның өсуіне қарамастан, алтын қорларын арттыруға ұмтылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, шілде айында Ұлттық банк төрт тонна бағалы металдар сатқан. Нәтижесінде оның алтын қоры 295 тоннаға (жалпы резервтердің 55 %-ы) дейін азайды. Жыл бойы алтын сатумен Филиппин, Таиланд, Кюрасао, Сингапур, Германия және Кабо-Верде орталық банктері де айналысты. Жыл басынан бері алтынды ең көп сатып алған елдер қатарында Түркия, Үндістан, Польша, Қытай және Әзірбайжан көш бастап тұр.

Алтынның әлемдік бағасы соңғы айларда өсіп келеді — бұл Ұлттық банктің дәл қазір өз резервтерін сату себептерінің бірі болуы мүмкін. Дегенмен, әлем бойынша орталық банктер алтынды ең сенімді актив ретінде белсенді түрде сатып алуда. Шілде айында олар өз алтын қорларын 37 тоннаға арттырып, алдыңғы аймен салыстырғанда көрсеткіштерін екі есеге ұлғайтты. Сәуір айында Қазақстандағы алтын бағасы рекордтық деңгейге жетті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow