«Үйі болмады». Марқұм Арман Дүйсенов туралы айтқан Индира Елеместің басы дауға қалды
«Астарлы ақиқат» бағдарламасында композитор Арман Дүйсеновтің студияда жан тапсырғаны айтылды. Осыдан кейін желі қолданушылары Индира Елеместің бұл әрекетін сынап тастады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Дүйсеновтің жаназасын шығаратын үй болмады деген сөзді көршілері жоққа шығарды.
«Біздің көршіміз болды. Үйі де, күйі де болды. Жаназасын сол үйден шығарды өзім көрдім. Ол үйде Ерболат Беделхан да тұрды», — деп жазды Роза Сапанова.
Осы тұста желі қолданушылары көршісі жазған пікірді қолдай кетті.
«Индира Елеместің тіпті бөлек тұрса да, осындай жағымсыз эмоция қалдыратын естеліктерді еске алмағаны дұрыс еді», «Қайтыс болған адамның артынан осындай әңгіме не керек еді», «Қалай ғана осылай айтуға дәттерің барады? Оның үйі де, әйелі де, баласы да болды», «Индира Елемес, біреудің тағдырына кірісіп өте ұятқа қалдың», деді жұрт.
Алайда Индира Елеместің сөзін жақтағандар да болды. Айтуларынша, әнші өтірік айтып отырған жоқ. Себебі, әйелі бағдарламаға түсуден бас тартқан.
Бұдан бөлек, Ринат Азамат есімді фейсбук қолданушысының жазуынша, композитордың әйелінің мінезі ауыр болған.
«Әйелінің мінезі қиын. Талай үйінен екеуі ұрысып кетіп қалатынын естідік. Бұл кісі арасында достарымен демалып тұратын. Өз әріптестерінің әңгімелерінен», — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, әнші Индира Елемес композитордың отбасынан бөлек тұрғанын айтқан болатын
Сіздің реакцияңыз қандай?