Президент қаржы мониторинг агенттігінің төрағасын қызметінен босатты

Қыркүйек 16, 2024 - 15:49
Қыркүйек 16, 2024 - 16:03
Президент қаржы мониторинг агенттігінің төрағасын қызметінен босатты

Мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағалығынан босатылды.

Дмитрий Михайлович Малахов 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Бұған дейін ол бір қатар лауазымды орындарда қызметін атқарып келді.

Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және Экономикалық тергеулер қызметінде жұмыс істеді;
2004-2007 жж. — Ішкі істер министрлігінің аймақтық және орталық аппараттарының департаменттері, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның орынбасары;
2019-2020 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Оперативті департаментінің басшысы;
2020-2022 жж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің орынбасары;
2022-2023 жж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің бірінші орынбасары:
2023 жылдың 11 қазанынан 2024 жылдың 2 ақпанына дейін — Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің орынбасары;
13 ақпан 2024 жылдан 16 қыркүйек 2024 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow