Сәтбаев қаласының әкімі қамауға алынды

Кейбір дерек көздерінің жазуынша, ол мердігерлердің бірінен 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған.

Ақпан 14, 2024 - 15:13
Ақпан 14, 2024 - 15:14
Сәтбаев қаласының әкімі қамауға алынды

Сәтбаев қаласының әкімі пара алып жатып, ұсталды деген сыбыс рас болып шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растап, арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Антикордың мәліметінше, былтыр ғана Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалған Шапағат Әубәкіров қазір қамауда отыр. 
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген антикор хабарламасында.

Шапағат Әубәкіров Сәтбаевтың әкімі болып 2023 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Шенеунік әкімдік қызметіне дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласының әкімі қамауға алынды деген ақпарат тараған еді. Кейбір дерек көздерінің жазуынша, ол мердігерлердің бірінен 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow