Президент Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты
Мемлекет басшысының өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды", - деп жазылған құжатта.
Сіздің реакцияңыз қандай?