Қазақстанда тіркелген тағы бір компания АҚШ-тың санкциямына ілікті
Алматыда тіркелген бұл компания түрі электр жабдықтарын, сымдар мен микросұлбаларды сатумен айналысқан.
АҚШ Сауда министрлігі санкциялар тізімін жаңартып, оған тағы 123 компания қосты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Америка үкіметінің ресми құжаттардың федералдық тізілімінде жарияланған хабарламада айтылған.
Тізімге Алматы қаласында тіркелген қазақстандық компания – түрік компаниясының All Global Trading Elektronik Dis Ticaret Ltd Sti өкілдігі кірді. Ашық ақпарат көздеріне сәйкес негізгі қызмет түрі электр жабдықтарын, сымдар мен микросұлбаларды көтерме саудада өткізу.
Сондай-ақ құжатқа 64 ресейлік, 42 қытайлық, 11 ирандық, 8 түрік компаниясы, Канада, Кипр, Қырғызстан, Украина және БАӘ елдерінен бір-бір ұйым кірді.
«Ұйымдарды АҚШ үкіметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саяси мүдделеріне қарсы әрекет етуші деп таныды» делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?