Солтүстік Қазақстанда анасы пышақтаған оқушының жағдайы белгілі болды

Өкпені жасанды желдету аппаратымен демалып жатыр.

Қыркүйек 19, 2024 - 14:11
Қыркүйек 19, 2024 - 14:12
Солтүстік Қазақстанда анасы пышақтаған оқушының жағдайы белгілі болды
Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында анасы пышақтаған 11 жасар қыз есін жинады. Әзірге жансақтау бөлімінде жатыр.

Пышақ жарақатын алған қыз 18 қыркүйек күні кешке СҚО көпбейінді балалар ауруханасына санавиациямен жеткізілді. 

«17 қыркүйек күні Уәлиханов аудандық ауруханасына 11 жасар қыз пышақ жарақатымен түсті. Санавиациямен облыстан мамандар – хирургтер, соның ішінде тамыр хирургі, штаттан тыс реаниматолог дәрігер келді. Сол жерде ота жасалып, жағдайы тұрақтанғанға дейін бір тәулік аудандық ауруханада болды. 18 қыркүйек күні кешке санавиациямен, реаниматологтың бақылауында облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды», - дейді СҚО көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассман.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта баланың беті бері қарады, есін біледі. Өкпені жасанды желдету аппаратымен демалып жатыр.

«Әзірге тәулік бойы біздің бақылауымызда. Бірақ, өміріне келер қауіп жоқ. Бірер күнде, жағдайы тұрақтанған соң профильді бөлімге ауыстырамыз», - дейді Александр Гассман.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow