Декларация тапсырмағандарға қанша айыппұл салынады?

Жеке тұлғаға 15 АЕК (шамамен 55 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Қыркүйек 18, 2024 - 10:56
Қыркүйек 18, 2024 - 10:57
Декларация тапсырмағандарға қанша айыппұл салынады?

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны және Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырылмауының немесе уақытылы тапсырылмауының салдары айыппұлға әкеп соғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан), сондай-ақ Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) тапсырылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған жағдайда Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама жіберетінін хабарлайды.

"Салық есептілігін ұсынбау туралы хабарламаны алғаннан кейін тұрғылықты жері (тіркелуі) бойынша тиісті декларацияны ұсыну қажет.

Осыдан кейін әкімшілік материал жасау үшін тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына келу керек", - делінген хабарламада.

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 272-бабына сәйкес декларацияны салық заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеу алғашында ескертуге әкеп соғады.

Аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда, жеке тұлғаға 15 АЕК (шамамен 55 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow