Түрмеден шыққан Мұрат Әбділдә жалғыз күнде миллионер болды
Жуырда ғана түрмеден босап шыққан атышулы TikTok-блогер Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер атанды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
18 қыркүйекте блогер TikTok-та өзге блогермен батлға шығып, үш рекорд орнатқан. Әбділдә, біріншіден, TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд орнатқан. Блогер жарты сағаттың өзінде 151,5 миллион лайк жинаған.
Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд.
Тағы оқыңыз: Атышулы блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты
Үшінші рекорд - Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен. Сонымен қатар, тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 алмас жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңге.
Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған.
Биыл 9 қыркүйекте блогер мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Сіздің реакцияңыз қандай?