«Аналары емізіп отырып, ұйықтап кеткен»: Павлодарда екі сәби көз жұмды

Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда бөпесінің шетінеп кеткенін бірақ білген.

Тамыз 23, 2024 - 11:25
Тамыз 23, 2024 - 11:27
«Аналары емізіп отырып, ұйықтап кеткен»: Павлодарда екі сәби көз жұмды

Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды.

Қайғылы жағдай туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.

"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.

Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.

“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз болған. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда бөпесі шетінеп кеткенін бірақ білген", – дейді дәрігер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow