«Мұрат әлі-ақ айығып кетеді»: «Рэкетир» фильміне түскен белгілі актер қатерлі дертке шалдықты (ВИДЕО)

Қыркүйек 19, 2024 - 16:32
Қыркүйек 19, 2024 - 16:38
«Мұрат әлі-ақ айығып кетеді»: «Рэкетир» фильміне түскен белгілі актер қатерлі дертке шалдықты (ВИДЕО)

«Рэкетир» фильміне түскен актер Мұрат Бисенбин қатерлі ісір ауруына шалдыққан. Бұл туралы актер Саят Исембаев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп жазады Sadaqmedia.kz.

Саят Исембаев өнердегі әріптесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, көпшілікке үндеу жасады. Ол қазіргі уақытта Мұрат Бисенбиннің ем қабылдап жатқанын айтты.

«Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисенбин ауырып қалды. Бәріңіз оны «Рэкетир» фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның ағасының рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді.

Құрметті достар, бәріміз қолдан келгенше қаржылай көмек көмектесейік. Әрбір қаражат маңызды, біздің қолдауымыз оның емін тездетеді. Қазір реквизиттерді қалдырамын. Ауырмаңыздар. Мұрат, жазылып кет, біз сенімен біргеміз», - деді Саят Исембаев.

Актер видео астына әріптесінің реквизиттерін қалдырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow