«Біреуі Қостанай облыстық ІІД қызметкері»: Украинада қазақ журналисіне оқ атқандар ұсталды

Айдос Садыққа оқ атты деген күдікпен ұсталғандар Қазақстанның азаматтары болып шықты.

Маусым 21, 2024 - 10:13
Маусым 21, 2024 - 10:37
«Біреуі Қостанай облыстық ІІД қызметкері»: Украинада қазақ журналисіне оқ  атқандар ұсталды

Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозиционер Айдос Садықты өлтірмек болғандар ұсталды деген ақпарат тарады. 

 Stan.kz сайтының жазуынша, Айдос Садыққа оқ атты деген күдікпен екі Қазақстан азаматы ұсталған.

Біреуі – 33 жастағы Мейрам Қаратаев және 36 жастағы Алтай Жақанбаев деп жазады аталмыш дерек көзі.

“Олар 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерлерде тұрып, Айдосты аңдыған. Осылайша қылмысты жоспарлаған. Мейрам Қаратаев Қостанай облыстық ІІД қызметкері, қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орынды иеленді.”, – деді Наталья Садықова.

Ішкі істер министрлігі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Министрлік күдікті Мейрам Қаратаевтың 2019 жылдың қаңтарында ішкі істер органдарынан босатылғанын және "қазіргі уақытта полиция қызметкері емес" екенін айтты.

 "Қазір біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тиісті жедел шаралар қабылдап жатыр", – делінген ІІМ хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow