Азат Перуашев ұсталған орынбасарына қатысты алғаш рет пікір білдірді
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ұсталған орынбасары Дмитрий Васильевке қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл ақпарат БАҚ-та жарияланды, бірақ ресми хабар болған жоқ. Жұмада біз ҰҚК-ға сауал жібердік. Кеше біз Дмитрий Васильев ұсталды деген ресми жауап алдық. Бізге оның адвокаттарын көрсетті. Кеше біз оларға хабарласуға тырыстық. Әзірше, нәтиже болмады. Бірақ бүгін-ертең біз оларды табамыз деп үміттенемін. Адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, біз не болып жатқанын түсінеміз", — деді депутат Мәжіліс кулуарында.
Азат Перуашев істің мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.
«Қандай бап екенін растамады. Қандай да бір қызметтік хаттар тараған сияқты. Дәлірек айтсақ, оған емес, Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасына «пара алды» деп айып тағылған болуы мүмкін.
"Мұнда істің не туралы екенін түсіну керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүр болған адам қылмыскер деп саналмайды. Параның бастамашысы кім екенін түсіну керек. Не Васильев, не ол бопсалаудың құрбаны болды", — деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.
Еске салайық, 4 қыркүйекте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкин ұсталды.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады.
Сіздің реакцияңыз қандай?