Астанада жарылыс болды

Қыркүйек 19, 2024 - 10:28
Қыркүйек 19, 2024 - 10:29
Астанада жарылыс болды

Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болып, өрт шықты.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Елорданың Алматы ауданындағы Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан дөнер цехында газ-ауа қоспасы жарылыс тудырып, содан кейін өрт шыққан.

"Жарылыс салдарынан өрт жақын маңдағы көкөніс сататын дүңгіршекке өтіп, көлікті зақымдаған", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт алдын ала 24 шаршы метр аумаққа оқшауланды. Сағат 23:46-да оның толығымен жойылғаны туралы хабарлама келді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow