«Бір қызға бола, бүкіл қазақ қызын жек көріп кеттім» – Өктем Алтаев

Оның жігіті бар екен. Оны маған айтпаған.

Наурыз 6, 2024 - 10:40
Наурыз 6, 2024 - 10:42
«Бір қызға бола, бүкіл қазақ қызын жек көріп кеттім» – Өктем Алтаев
Фото: видеодан кадр

Әнші әрі композитор Өктем Алтаев жауапсыз махаббатын есіне алды. Ол танымал бір әнінің ғашық болған аруына арналғанын «Менің өмірім» бағдарламасында айтты, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, әншінің жас кезінде үйленгелі жүрген қызының басқа жігіті бар жігіті бар боп шыққан. Содан күйзеліске түскен композитор «Не жаздым, жаным, саған?» әнін жазған.

"Бұл әнді күйзеліске түскенде жазғаным рас. Мен бір жақсы көрсе, бар ықыласыммен жақсы көретін адаммын. Бір қызбен танысып, бар махаббатымды соған арнадым. Болашаққа жоспар құрдық. Оның жігіті бар екен. Оны маған айтпаған. Сөзбен үйленуге дейін бардық. Арамызда сенім пайда болды. Ер адам «Үйленем. Балаларым болады» деп жоспар құрады ғой. 100 пайыз кәміл сеніп жүрсем, оның оқып жүрген жерінде жігіті бар екен. «Болмайды» деп жауап берді. Сол кезде төбемнен су құйғандай болды. Өмірге деген құштарлық кетті. Адамға деген сенім кетті. Жеңгелерім қызды айтса, «Айтпа» дейтінмін. Бір қызға бола, бүкіл қазақ қызын жек көріп кеттім. 1-2 жыл қатты күйзеліске түстім", - деді әнші.

 Өктем Алтаев кезінде өзі ғашық болған қыздың бұл күндері бақытты екенін жеткізді.

"Ол қыз бұл әннің өзіне арналғанын біледі. Құдайға шүкір, ол қыз қазір бақытты. Тағдыр ғой. Әрине, байқайсың ғой. Солай болды", - деді Өктем Алтаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow