«Төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз»: Қанат Бозымбаев журналистерге ақыл айтты

Журналист оның премьер-министр болуы мүмкін деген болжамдарға қатысты сұрақ қойды.

Қыркүйек 24, 2024 - 14:18
Қыркүйек 24, 2024 - 14:21
«Төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз»: Қанат Бозымбаев журналистерге ақыл айтты
фото: видеодан скриншот

Бүгін үкімет отырысынан соң брифинг өткізген премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өзіне сұрақ қойған журналистке ақыл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист оған «сіз премьер-министр болады деген болжам көп айтылды. Бұл жөнінде өзіңіз не ойлайсыз?» деген сұрақ қойған еді. «Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда, өсек тыңдамаңыз», - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалып, тасқынның салдарын жоюға жауапты адам болды.

Журналист вице-премьерге «мен таңертең тұрғанда, өсек тыңдамаймын» деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow