Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдында ескі әнұран қосылды (видео)

Қазан 4, 2024 - 16:40
Қазан 4, 2024 - 16:46
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдында ескі әнұран қосылды (видео)

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдында күтпеген оқиға орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

 WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің алдында күтпеген оқиға орын алды.

Жәнібек Әлімханұлы рингке шыққаннан кейін ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосқан. Жәнібек Әлімханұлының командасы қателікті көрсетіп, әрекет жасағанымен, нәтиже болмады – қазіргі гимн орындалмады. Бұл қателік аренаға жиналған қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек басталды. Бұл кездесу Аустралияның Сидней қаласында өтіп жатыр. Аталмыш жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы қос чемпиондық титулын қорғайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow