АҚШ қоғамында Трамптың денсаулығына қатысты сұрақтар көбейіп барады

Бұған дейін 2 қазанда Financial Times Трампты ақыл-ой қабілеті төмендеп кетті деп күдіктенген болатын.

Қазан 4, 2024 - 13:01
АҚШ қоғамында Трамптың денсаулығына қатысты сұрақтар көбейіп барады

New York Times газеті егер ол сайлауда жеңіске жетсе, мерзімінің соңына қарай АҚШ тарихында ең егде президент болатынын еске салды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Егер ол жеңіске жетсе, Трамп Ақ үйге денсаулыққа қатысты бірқатар мәселелермен келуі мүмкін: жүрек ауруының қаупі, шілдедегі қастандықтың ықтимал салдары және қартайған сайын табиғи түрде пайда болатын когнитивті қабілеттердің  әлсіреуі", – деп хабарлады сарапшылар.

2018 жылдың өзінде Трамптың холестерин деңгейі адам шошырлықтай жоғары болды және оның дене салмағының индексі медициналық семіздік шегінен небәрі 0,1 ұпайға төмен болды.

"Трамп қазір денсаулығы туралы ең қарапайым ақпаратты да жария етуден бас тартады", – деп жазды газет.

Бұған дейін 2 қазанда Financial Times Трампты ақыл-ой қабілеті төмендеп кетті деп күдіктенген болатын. Сондай-ақ, АҚШ-тың 81 жастағы президенті Джо Байден денсаулығына қатысты Демократиялық партия ішіндегі дүрбелеңге байланысты сайлау додасынан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow