Қазақстандық спортшының жекпе-жек алдындағы әрекеті әлем назарын аударды (ВИДЕО)

Қазан 1, 2024 - 16:46
Қазан 1, 2024 - 16:47
Қазақстандық спортшының жекпе-жек алдындағы әрекеті әлем назарын аударды (ВИДЕО)

Naiza промоушенінде жекпе-жек өткізетін қазақстандық спортшы Қазбек Сағынның әрекеті жанкүйерлер назарынан тыс қалмады. Оның кездесу алдында жаттықтырушысы айтқан сөзіне бас изеуі мүлде бөлек күй кештірген. 

Жарыста Қазбек бразилиялық Мурило да Сильваны айқын жеңіп шықты. Ал жанкүйерлер жұдырықтасудан гөрі жекпе-жек алдындағы сәтті көбірек талқылауда. Себебі жаттықтырушы Эдуард Базровтың сөзінен кейін спортшы әсері басқаша болады. 

Спортшыға қолдау білдіріп, демеу көрсеткен жаттықтырушысы Эдуард Базров болатын. Оның сөзінен кейін спортшы трансқа түсіп кеткендей әсерде болған еді.  

"Әр спортшының жекпе-жекке шығуы әртүрлі. Біреулер өздері дайындалып, өздері күш-жігерін бойына жинап шығады. Біреулерге қолдау керек, демеу беру маңызды. Мен де соны жасадым, ал ол көзін жұмып, жекпе-жек жайын елестеткен болуы керек. Ол өзін осылай дайындады. Сондықтан да солай көрінді... Адамды танып, оған күш беретін сөз айту керек. Кейде жаттықтырушылар ойын дұрыс айтпай, спортшыны қайрай алмай жатады. Үш жарым жыл ішінде бір-бірімізді жақсы түсінісетін болдық. Оны жігерлендіретін сөздерді жақсы білемін. Өзі де іштей дайын болып шығады. Менің сөзімде еш құпия жоқ. Жанында екенін айтып, бұрышта тактикалық бағдар беріп тұратынымызды айттым. Мықты екеніңді дәлелде дедім", – дейді Эдуард Базров. 

Айта кетейік, Эдуард Базров қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты да жаттықтырады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NAIZA FIGHTING CHAMPIONSHIP (@naiza.mma)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow