Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын 9-раундта нокаутқа түсірді

Қазан 4, 2024 - 16:30
Қазан 4, 2024 - 16:45
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын 9-раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сиднейде аустралиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9-раундта нокаутқа түсірді. Осылайша екі бірдей чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.  

Жекпе-жек 9-раундта аяқталды. Жәнібектің сериялық жойқын соққыларынан кейін Андрей ес жия алмады.

Оған дейін де боксшылар шебер жұдырықтасты. Аустралиялық боксшы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалғаны байқалды. 

Жәнібек қорғаныста мығым, шабуылда ширақтық танытты. Мықтылығын мойындатып, шеберлігін тағы бір рет көрсетті.

Осылайша отандасымыз орта салмақта IBF және WBO чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow