Министр Руза Бейсенбайтегін «Учетқа» қойғанын мойындады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов керекулік тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты.

Қаңтар 31, 2024 - 13:01
Қаңтар 31, 2024 - 13:08
Министр Руза Бейсенбайтегін «Учетқа» қойғанын мойындады

«Павлодарда тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі өзіне қатысты арандату болғанын айтады. Ол кісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?» деген журналистің сұрағына министр «Павлодар бойынша Қазақстан азаматының атынан арыз түскен. Сіз айтқан кісі бойынша медиктерді шақырып, сараптамадан өткіздік. Бүгінгі күні ол кісінің учетқа қойдық», - деп жауап берді.

– Диагноз бар ма?

– Енді оны Денсаулық сақтау министрлігі білетін шығар.

 – Қазақ тілін талап еткен адам қылмыскер ме?

– Жоқ, неге олай дейсіз? Мәселе олай болған жоқ. Арыз жазған адам мені зәбірлеп, басқа сөздер айтты. Содан кейін біз оны тексеруіміз керек қой.

Еске сала кетейік, қаңтардың 25 күні тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін полиция мен жедел жәрдем алып кетіп, жындыханаға жапқан болатын. Әлеуметтік желідегі шудан кейін қоғам белсендісі жындыханада бір күн жатып, босатылды.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow