Белгілі әншінің көшеде қайыр сұрап отырған фотосы тарады
Әнші алдына садақа тастайтын қорап қойып алған.
Әнші Бағлан Әбдірайымовтың көшеде қайыр сұраған суреті желіге тарап, көпшілікті қайран қалдырды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Өзгенің күйін түсіну үшін 5-ақ минут жеткілікті. Бәрі түсінеді, сезеді. Бірақ, мейірім жоқ», - деп жазды әнші.
Суреттен сақал-мұрты қауғадай боп өсіп, бетон үстінде қайыр тілеп отырған Әбдірайымовты көруге болады. Әнші алдына садақа тастайтын қорап қойып алған.
Анықталғандай, бұл әншінің жақында жарыққа шығатын жаңа фильміне түсірілген кадр болып шықты. Желі қолданушылары әншінің бұл күйіне әрі таңғалып, әрі қолдау білдіріп, жазбаға пікір қалдырған.
Сіздің реакцияңыз қандай?