Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ

Қазан 2, 2024 - 17:50
Қазан 2, 2024 - 18:15
Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
commission.europa.eu

Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан азаматтары бар ма? Бұл сауалға Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.

«Израиль, Иран және Ливанда зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ», - деп қысқа қайырды Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Қазақстанның консульдығы есебінде Израильде 120 азамат, Иранда 102 азамат және Ливанда 139 азамат тұр. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері де бар. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі аталған елдердегі Қазақстан азаматтарын консульдық есебіне тұруға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow