Петропавлда бүтін бір отбасын өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Желтоқсан 29, 2023 - 10:21
Петропавлда бүтін бір отбасын өлтірді деген күдіктілер ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Петропавлда жер үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды sadaqmedia “Azattyq Ruhy” сайтына сілтеме жасай отырып.

Оқиға Петропавл қаласы Жұмысшы кентіндегі жер үйлердің бірінде болған. Қаза болғандар – ерлі-зайыпты мен олардың 17 жасар ұлы.

Бұл туралы хабарлама полицейлерге 28 желтоқсан күні сағат 13:25-те келіп түскен. Оқиға болған баспанаға жеткен тәртіп сақшылары үйден зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 жансыз денені анықтады.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс облыстық прокуратура мен полиция департаментінің бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow