Пәтер, автокөлік және ақшалай сыйлықтар: Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы да ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Тамыз 20, 2024 - 10:28
Тамыз 20, 2024 - 10:30
Пәтер, автокөлік және ақшалай сыйлықтар: Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ол спортшылар мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтап, алматылықтар Қазақстан қоржынына көп медаль салғанын атап өтті.

Күміс жүлдегер гимнаст Нариман Құрбанов пен қола жүлдегерлер: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле және Ислам Сәтбаевқа пәтер сертификаттары және ақшалай сыйлықтар берілді. Барлық жүлдегер 5 және 4 миллион теңгенің сертификаты мен жаңа автокөліктердің кілтін алды.

Фото: Алматы әкімдігі 

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы да ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың спортшылары әлемдік спорттың дамуына үлес қосып, сүйікті ісі мен еліне деген сүйіспеншілктің үлгісіне айналғанын айтты. Спортшылар Қазақстан халқына қолдағаны үшін алғыс білдіріп, оның жарыс кезінде жеңіске жетелегенін атады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow