Ресейлік журналист Әлімханұлының әлсіздігіне таңғалды

Жаңа Зеландия мен Қазақстан боксын салыстыруға келмейді.

Қазан 5, 2024 - 16:17
Қазан 5, 2024 - 16:18
Ресейлік журналист Әлімханұлының әлсіздігіне таңғалды
instagram.com/toprank

Ресейлік журналист орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жекті ұзаққа созғанына таңғалған.

Бокс туралы жазатын ресейлік тілші Андрей Баздрев Әлімханұлының қарсыласын тек тоғызыншы раундта нокаутқа түсіргеніне таңғалған.

«Австралияда Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жекке қатысты айтарым мынау: Жәнібек, жейтін тамағыңмен ойнама! Михайлович, әрине, лайық деңгейде емес, Жаңа Зеландия мен Қазақстан боксын салыстыруға келмейді. Айқас тоғыз раундқа созылды. Негізі 2-3 раундта аяқталуы мүмкін. Карлос Адамес немесе Джермол Чарломен ойнаудың қажеті жоқ. Салмақты бірінші мүмкіндіктен бағындыру керек екенін де есте сақтаған жөн», - деп жазды Андрей Баздрев.

Айта кетейік, жекпе-жектен кейін отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірмей, уақытты созуына не себеп болғанын айтты.

«Нокаутқа ерте түсірмеуімнің өз себебі бар. Барлығын ерте сездім, соққы өткізіп көрдім.Баспасөз конференциясында ол көп сөйледі. Негізі 6-7 раундта құлатамын деп едім. Оған сол сөздері үшін әдейі созып, қинағым келдім. Күші таусылып, әбден ит сілікпесі шығып, біткен кезде іске кірістім. Осылайша, тоғызыншы раундта нокаутқа түсірдім», - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow