Тоқаев әкімдердің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырған белсенділерді сынады

Қазан 3, 2024 - 12:30
Тоқаев әкімдердің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырған белсенділерді сынады

Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Бұлай деп президент депутаттарының ІІ республикалық форумының ашылуында айтты.

Президент жасалған реформаның арқасында елде әкімдер институты айтарлықтай өзгергенін атап өтті.

"Ауыл әкімін тікелей сайлау тәсіліне біржола көштік. Аз уақыттың ішінде ауыл әкімдерінің 90 пайызына жуығы жаңарды. Сондай-ақ аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жүйесін пилоттық жоба ретінде сынап көрдік. Биылғы Жолдауда айттым, олардың бәрі жаңа жылдан бастап сайланатын болады. Осылайша, басты билік тармақтары түгел сайлау жүйесіне көшті. Қазақстан тарихында ешқашан ондай тәжірибе болмаған", – деді ол.

Президент сондай-ақ әкімдердің қыр соңынан қаомайтын кей белсенділерді сынап өтті.

"Қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары. Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет", – деді Тоқаев.

Президент әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажеттігін, алайда жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейтңнңн атап өтті.

"Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow