«Қайраттың биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы сәбилі болғысы келетінін айтты
Журналистің ұлдары қыз бала асырап алуға қарсы емес.
Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Zamandas подкастында тағы да балалы болуға қатысты ойын айтты. Ол қазір эко-орталықта қажетті биоматериалдардың бар екенін, алайда ұлдары мұндай көзқарасын аса құптамайтынын жеткізді. Дегенмен олар анасының қыз асырап алуына қарсы емес көрінеді.
Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, ол тағы да балалы болуға қатысты ұлдарына қалжыңдаған. Дегенмен тележүргізуші олардың жауаптан қашқақтағанын байқаған.
«Өткенде үлкен ұлым «Анашым, мен қыркүйекте кеткенде әжені немесе құрбыңызды шақырып алыңыз» дейді. Өткенде ақырын тамырын басып көрдім. Өзім екі жыл эко-орталыққа барып жүрдім. Үлкен ұлым қазір , екінші ұлым да 2 жылдан соң кетеді. Шын мәнінде жалғыз қалып қалсам, эко-орталықта аналық жасуша сақталған. Солай балаларымды тексерейін деп, «бір қыз туып алсам» дедім. Екеуі де таңданып, «анашым, сіз таңғы 4-те тұра аласыз ба?» деді. Қарсылығын білдіре алмай, мүлде басқа жауап айтты. Солай қалжың аралас әңгіме айттым. «Әр қалжыңның астында шындық бар» дейді ғой. Бірақ балаларымның дайын емес екенін түсіндім», — дейді ол.
Дегенмен журналистің ұлдары қыз бала асырап алуға қарсы емес. Бұл жайында Ләйлә Сұлтанқызыны өзі де ойланып, Нұрлан имамнан кеңес сұраған.
«Үлкен ұлым «бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз» дейді. Кейде бір қыз асырап туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі «асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады» деді. Мені қолдады», — деді тележүргізуші.
«Эко арқылы бала жасауға болады, Қайраттың биоматериалы да сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар», — деп түйіндеді тележүргізуші.
Сіздің реакцияңыз қандай?