Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Қараша 10, 2023 - 00:15
Қараша 10, 2023 - 15:33
Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

2023 жылдың 9 қарашасында Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев полицияның қолына түсті: ол өз мейрамханасында әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Қылмыс Астана қаласындағы "Bau" мейрамханасында болған. Полиция департаменті мейрамханада 1992 жылы туған әйел адамның мәйіті табылғанын растады. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қаза тапқан әйелдің аты - Салтанат Нұкенова. Қазір желіде марқұмны суреттері де тарап жатыр.  Дереккөз Бишімбаев пен әйелі мейрамханаға кеше келгенін айтқан. Тәулік бойы ғимараттан шықпаған олар vip-бөлмеде отырған. Мейрамхананың өзі бүгін "арнайы іс-шара" өтетіндіктен, өзге қонақтар үшін жабық болған. 

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы кезінде пара алды деген күдікке ілініп, 2017 жылы қамалған болатын. 2018 жылы наурызда соты өтіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда, 2019 жылы қазан айында Шымкент қаласының Абай аудандық сотының судьясы Шәріпов оны мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдаған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow