Прокурор Айжан Аймағанованың желідегі жаңа видеосы көпшілікті тәнтті етті

«Өмірге адам болып келген соң, адам болып кету – парыз» дейді прокуроp.

Сәуір 19, 2024 - 16:13
Сәуір 19, 2024 - 16:19
Прокурор Айжан Аймағанованың желідегі жаңа видеосы көпшілікті тәнтті етті
фото: әлеуметтік желіден

Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы қызметін атқаратын Айжан Аймағанова Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, әсерлі жазба қалдырған, деп хабарлады Sadaqmedia.kz.

«Парақшамды ашқан кезде, маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек менің атымнан жалған парақшалар ашылып кетпесе екен деген мақсатым болды. Бұл менің әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым, менде тик-ток жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай парақшам осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым», - деп жазды прокурор.

Ол жеке парақшасына жазылған әрбір оқырманына алғыс айтқан. Сонымен қатар «өмірге адам болып келген соң, адам болып кету – парыз» деген ойын да жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aimaganova_a

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow