Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыстан табылды

Қыркүйек 23, 2024 - 09:38
Қыркүйек 23, 2024 - 09:15
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыстан табылды
фото: sports.kz

Ақтаудағы 3-шағын ауданда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерлерінің жанынан табылды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Lada.kz-тің жазуы бойынша, оның денесі бұзылып, әбден ісіп, қарайып кеткен. Әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың суреті тарады.

Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанын растады.

«Ер адамның мәйітін табу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жалғасып жатыр», - деп жауап берді департамент. 

Әлеуметтік желі қолданушылары Вусал Джафаровты ұрып-соғып, денесі бірнеше күн көшеде жатып қалғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow