«Ербаянның әжетханада құлағанын көрген куәгерлер бар» – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары
Сол себепті Ербаян Мұхтарды әлдекім ұрды деп айту қазір ерте.
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов Ербаян Мұхтардың әскерде жүріп комаға түскеніне ұрып-соғу себеп болды деп айту әлі ерте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Сіз де, басқасы да оны (Ербаян Мұхтарды – автор) ұрып-соқты деп айтуға қақысы жоқ. Сарбаз 2:15-те оянып, әжетханаға барған, оның құлағанын көрген куәгерлер бар. Қазір ІІМ әскери-тергеу органдары тергеу жүргізіп жатыр. Сол себепті Ербаян Мұхтарды әлдекім ұрды деп айту қазір ерте. Сарбаз тәуір болып келеді, есін жинап жатыр. Егер бұл фактілер расталса, онда осылай деп айта аламыз», - деді Үмбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сіздің реакцияңыз қандай?