Мырзахметов ісі: мемлекетке 7 млрд теңге қайтарылды

Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

Қыркүйек 21, 2024 - 16:46
Мырзахметов ісі: мемлекетке 7 млрд теңге қайтарылды
коллаж: Halyq Uni

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

«Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн.

Жалпы, жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.  

Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Абылай Мырзахметовтің 5 жылға сотталғаны хабарланған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow