Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты
ҰҚК 2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылғанын растады,-деп жазады Sadaqmedia.kz.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Петропавлда келісімшарт бойынша әскери қызметкердің дарға асылған денесі табылғанын жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?