Қазақстан көкпар федерациясы қырғыздардың қарымта жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Қырғыз көкпаршылары қазақтарды қарымта кездесуге шақырған еді.

Қыркүйек 20, 2024 - 15:25
Қыркүйек 20, 2024 - 15:27
Қазақстан көкпар федерациясы қырғыздардың қарымта жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның көкпар федерациясы Қырғызстанда өтетін қарымта көкпар туралы мәлімдеме жасады. 

16 қыркүйекте Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері қазақстандық көкпаршыларды "Келісім кубогын" өткізуге шақырған еді. Осыған қатысты Қазақстан көкпар федерациясы ресми мәлімдеме жасады. 

«Қырғызстан көк бөрі федерациясының тарапы 1 қарашада өтетін турнирге шақырғаны туралы: көпшілік бұны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалы бойынша қарымта кездесу деп ойлап отыр. Қырғызстан тарапы ашық турнирге қатысуға шақырыпты. Ескере кететін жайт, бұл турнир біздің күнтізбелік жоспарымызда жоқ. Ол уақытқа өзіміздің өзге турнирлеріміз қойылған», делінген хабарламада. 
Қазақстанның көкпар федерациясы Қырғызстан тарапы көкпардан әлем чемпионаты немесе халықаралық турнирлерге шақырған жағдайда диалог жүргізуге әзір екенін айтты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow