Балқашқа жолбарыстар келді

Қыркүйек 23, 2024 - 11:06
Қыркүйек 23, 2024 - 11:08
Балқашқа жолбарыстар келді

Балқаш өңіріне Нидерландтан екі жолбарыс әкелінді, - деп хабарлайды Massaget.kz 

Жыртқыштардың бұл түрі суық ауа райына шыдамды болып келеді.

"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерландыдан ұрғашы және еркек жолбарыс әкелінді. Қазақстанда олар Іле-Балқаш резерватына орналастырылды. Олар - суық ауа райында өмір сүруге бейімделген Амур жолбарыстары", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін де Қазақстан Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерланд пен Ресейден жолбарыс алатыны хабарланған еді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow