Әлия Назарбаеваға тиесілі ірі фитнес-орталық сатылымға қойылмақ
Жобаның бағасы 25 миллион долларды құрайды.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Әлия Назарбаеваға тиесілі Алматыдағы Wellness Club Luxor фитнес-орталығын 25 миллион долларға сатпақ, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Жақында полиция экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы, сондай-ақ Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Роговаға қатысты рейдерлік шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.
Алайда прокуратура полицияның шешімін жоққа шығарды. Материалдар Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
“Алматыда Әлия Назарбаеваның Luxor-ын сатқысы келеді. Жобаның бағасы 25 миллион долларды құрайды (шамамен 11 миллиард теңге)", – деп келтіреді басылым жағдаймен таныс дереккөздің сөзін.
Сондай-ақ редакция қымбат мүлікті сатумен айналысатын риэлторлардың байланыс нөмірлері бар екенін атап өтеді.
Сонымен қатар, қоғам белсенділері Виргин аралдарының юрисдикциясындағы компаниямен мәміле жасау кезінде Әлия Назарбаеваның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі жер телімін бергенін айтты.
Бұған дейін шетелдік БАҚ экс-президенттің кенже қызы Қазақстаннан 300 миллион доллардан астам қаражатты алып, оны жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсағанын жазған болатын. Бұл Назарбаеваның қаржылық кеңесшілеріне қарсы сотқа берген шағымынан белгілі болды. Назарбаева қазақстандық компаниялардың акцияларын сатқаннан кейін 325 миллион доллар жинағанын және «Лихтенштейннен Британдық Виргин аралдарына» оффшорлық тресттер мен компаниялар желісіне жалпы сомасы 312 миллион доллар аударғанын айтты.
Айта кетейік, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі болмаса да, ең үлкен фитнес-орталықтың бірі құжаттарға сәйкес Назарбаева 2001 жылы негізін қалаған "Әлем ЛТД" ЖШС болып саналады. 2017 жылы аталған ЖШС Виргин аралдарында Svelte Investor Limited оффшорлық компаниясы ретінде қайта тіркелген. Сонымен бірге, Әлия Назарбаева компанияны ресми түрде 2023 жылдың наурызында басқарған, бірақ 2023 жылдың 14 наурызынан бастап Әуелхам Назғұм Ахметжанқызы басшы болып тіркелді, ал 2024 жылдың ақпан айынан бастап басшы лауазымын Әмина Серікбайқызы Шапиева атқарып келеді.
Дереккөз: ҚазТАГ
Сіздің реакцияңыз қандай?