Wildberries ғимаратында болған атыстан көз жұмған спортшылардың денесі Ингушетияға жеткізілді
Wildberries ғимаратында болған атыстан қаза тапқан үш адамның екеуі танымал спортшы болған.
18 қыркүйекте Мәскеудегі Wildberries компаниясының бас кеңсесіне суық қаруланған бірнеше адамның басып кіріп, атыс ұйымдастырғаны айтылған болатын. Күзетшілермен қақтығыс салдарынан үш адамның қаза тапқаны айтылды.
Ресейлік telegram-каналдар олардың қатарында және жараланғандар арасында елге танымал спортшылардың бар екенін жазды.
Ұзамай бұл хабар расталып, оққа ұшқандардың бірі еркін күрестен спорт шебері 28 жастағы Исламбек Эльмурзиев екені белгілі болды. Екіншісі - Умар Чичаев, тхэквондодан Ресей чемпионы болған. Өмірінің соңғы жылдарында ол аралас жекпе-жекпен айналысып, «Ахмат» және «Беркут» клубтары атынан өнер көрсеткен. Екеуі де Ингушетия тумасы.
Қаза тапқан спортшылардың денесі Ингушетияға жеткізілді. Қаралы рейсті мыңдаған адам "Аллаху акбар!" деп айғайлап күтіп алған.
Қайтыс болған спортшылардың денесі өздерінің туған жерлері - Долаков және Кантышев ауылдарына жерленеді.
Мәскеу соты Wildberries кеңсесі маңындағы атыс бойынша 30 айыпталушыны қамауға алды. Бұл ретте олардың алтауы "Апаттар медицинасы" ғылыми-зерттеу институтының жедел жәрдем бөліміне кірмек болғаны үшін қамауға алынды.
Ал Бакальчукке Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бірқатар бабы бойынша кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, құқық қорғау органдарының қызметкеріне оқталу сынды айыптар тағылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?