Жамбыл облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті

Қыркүйек 17, 2024 - 14:50
Қыркүйек 17, 2024 - 15:03
Жамбыл облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты
Фото: Pixabay

Жамбыл облысында үш көлік соқтығысып, 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қыркүйекте кешкі сағат 18:30-да «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 526 шақырымында болды.

Cadillac Escalade жүргізушісі алдағы келе жатқан көлікті басып озбақ болған сәтте жолдың қарсы бағытындағы DAF жүк көлігіне, содан кейін «Газельге» соғылған.

Көлік апаты салдарынан 37 жастағы «Газель» жүргізушісі, 30 жастағы Cadillac Escalade жүргізушісі, көлікте отырған 5 жолаушы көз жұмды. Оның арасында 2 жасар бала бар. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow