«Тың мағлұматтар бар, бірақ...»: Әнару Құрманәлінің адвокаты боксерға қатысты жайттың шетін шығарды

Қыркүйек 27, 2024 - 23:54
Қыркүйек 27, 2024 - 23:58
«Тың мағлұматтар бар, бірақ...»: Әнару Құрманәлінің адвокаты боксерға қатысты жайттың шетін шығарды

Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова Жанқош Тұраровқа қатысты қыз зорлау фактісі бойынша істі жүргізіп жатқан  тергеушілер жиі ауысып кетіп жатқанын айтты, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Жаңадан келген тергеу бөлімінің бастығының Жанқош Тұраровқа қатысты істің жаңа тергеушісінің аты-жөнін айтам дегеніне де екі апта өтті. «18 тергеуші істейтін участокта қазір 5 -ақ тергеуші қалды, маман жетіспей жатыр» деген, «а, мейлі, айтарсыздар» дегенбіз. Үшінші тергеуші ауысады, осымен. Сол, күтіп жүрміз. Сараптама да тым-тырыс. Ертең болатын бой анау болды. Дым жаңалық жоқ, қысқасы», деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында. 

Тағы оқыңыз: «Сұмдық жаңалық айтайын»: Әнарудың адвокаты Жанқош Тұраровқа қатысты

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі бүгінде қызының қасында көрінеді.

«Қалдыбек ағамыз Алматыда, қызының қасында. Айлан аға бар, екінші адвокат. Тың мағлұматтар бар, бірақ жариялай алмайтынымыз қиын. Неге үндемей қалды демесін деп, арасында хабардар етіп жатқаным», дейді ол.

Тағы оқыңыз: «Әнаруды электрошокермен күйдіріп, қинаған»: Әнару Қалдыбекқызының ресми қорғаушысы мәлімдеме жасады

Адвокат Әнаруға қатысты egov.kz-тен алынған динамикалық есепте тіркелмеген деген анықтамасын салған. 

«Әнаруды «психикалық ауытқуы бар деп ойлаймыз, тексерсін деп талап-тілек қойдық» деп еді, бір кісілер, басында. Ол талап-тілектерінің қанағаттандырусыз қалғанын Алматыға барған күні естідік қой. Одан ортақ таныстарға «ол қызды әкесі екі рет психбольницаға жатқызған» деп, көкіген екен. Тергеушілердің барлық жерге қолдары жетімді ғой, оны да тексеріп, Каблуковада жатпағанын анықтаған болса керек. Сол күйі жаба салды. Әйтпесе қызды «жынды»деп, жарияға жар салар еді, әлдеқашан. Бір-екі журналист «жындыханада учетта тұрмай ма?»,-деп күйдірген. ЖОО-ны қызыл дипломға аяқтаған қыз ғой, негізі. Учеты нес деп, түсіндірдік. Адам деген қиысатын нәрсені құрастырса болады ғой, дөй далаға лаға бермей, өзін ақтау үшін. Еговтан алған «жынды емес» деген анықтамасын осы жерге де салып қоя салайын», - деп жазды Ахатова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow