«Сұмдық жаңалық айтайын»: Әнарудың адвокаты Жанқош Тұраровқа қатысты
Жанқош Тұраровқа қатысты іс бойынша жәбірленуші Әнару Қалдыбекқызының ресми қорғаушысы екенін мәлімдеген Ләззат Ахатова өзінің Facebook-тегі парақшасында боксшыға қатысты сұмдық жайттың бетін ашты, деп жазады Sadаqmedia.kz.
«Жанқош Тұраров 2014 жылы тағы бір қызды дәл Әнару сияқты алдап, қонақ үйге апарып, дәрі беріп, зорлаған екен. Ол қыздың боксердан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда орын алған. Өзі шықты бізге. Барлық жағдайын айтып, Әнаруға қолдау білдірді», - дейді ол.
Тағы оқыңыз: «Әнаруды электрошокермен күйдіріп, қинаған»: Әнару Қалдыбекқызының ресми қорғаушысы мәлімдеме жасады
Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет бар көрінеді. Адвокат әзірге қыздың кім екенін анықтай алмадық деп отыр.
«Әзірге осымен тоқтала тұрайын. Біраз мағлұматтарды тергеу аяқталғанша, жариялай алмауым да мүмкін. Тергеу құпиясын білесіздер. Алдағы уақыттарда баспасөз конференциясын өткізетін шығармыз. Әзірге сұхбат, бағдарламаларға шақырудан бас тарта тұруға тура келіп тұр. Түсіністікпен қарайды деп сенеміз! Жанашырлық танытып, қыз тағдырына бей-жай қарамай, жақсы лебіз білдіріп жатқан өздеріңізге, көмек қолын созып жатқан журналистерге, Әнарудың құрбы, достарына мың алғыс!», деп жазды Ахатова.
Сіздің реакцияңыз қандай?