Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны әкелік құқығынан айырмақ
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оны ата-аналық құқығынан айырғысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Назымның айтуынша Қуандық Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айыру үшін арыз берген. Бірақ сот бас тартыпты. Себебі Салтанат Нүкенова Қуандықтың заңды әйелі болған жоқ.
Демек Бишімбаев туысқанын немесе өз отбасының мүшесін өлтірген жоқ. Сондай-ақ Назым Қаһарман балаларының фамилиясын да ауыстырмақ болған, бірақ одан да бас тартыпты.
«Өкінішке қарай қазір мен шындықты айтуға мәжбүрмін. Себебі көмек сұрағым келеді. Менің ойымша соттың бас тартуы – әділетсіз. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгініп отырмын. Олардың назарын аударғым келеді», - деді Назым.
Сіздің реакцияңыз қандай?