Қазақстан футзалдан әлем чемпионатында сенсация жасап, Португалияны жеңді

Енді Қазақстан ширек финалда Аргентина не Хорватиямен кездеседі.

Қыркүйек 26, 2024 - 22:49
Қыркүйек 27, 2024 - 00:16
Қазақстан футзалдан әлем чемпионатында сенсация жасап, Португалияны жеңді

Қазақстан футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Португалиямен кездесті. 

Әндіжандағы ойын өте тартысты өтті. Себебі Қазақстанның қарсыласы анау-мынау емес, 2021 жылғы әлем чемпионы болатын. Алайда футзалшыларымыз оған қараған жоқ. 

Ойынның басынан басымдық танытып, Шыңғыс Есенаманов есеп ашты. Португалия да көп ұзамай жауап қайырып, Зикки 21-минутта гол соқты. 

Кездесудің бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңісті жұлып әперді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Енді Қазақстан ширек финалда Аргентина не Хорватиямен кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow