Әлімханұлын титулынан айыру керек - Михайловичтің жаттықтырушысы Айзек Пич
Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) жаттықтырушысы Айзек Пич IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің тоқтатылғанына наразы. Ол белбеу иегерін атақтарынан айыру керек деп санайды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
Боксшылар арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі керек еді. Алайда Әлімханұлы салмақ өлшеу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға жатқызылғаннан кейін жекпе-жек өтпейтін болды.
Тағы оқыңыз: «Есінен танып қалған»: Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті
«Өздеріңіз ойлағандай, Андрейдің сағы сынды. Жәнібекті атақтарынан айыру керек деп санаймын және менің ойымша, ол титулдарынан айырылады, содан кейін біз алдағы екі айда бос Әлем чемпионы атағы үшін күресеміз. Әзірге жоспар осы. Қазір мына былықты реттеу керек. Біз соңғы 10-12 аптада жекпе-жекке дайындалу үшін орасан жұмыс атқардық.
Жәнібек бізді алдап қана қоймай, бүкіл шоуды бүлдірді. ESPN, жарнамалық роликтер - бәрі босөа қалды. Шынымды айтсам, не болғанын түсінбедім және таң қалдым. Мұнысы кәсібилік емес және ақылқа қонымсыз тірлік болды.
Бұл жігіттерде қажет нәрсенің бәрі бар. Бізде ештеңе жоқ. Біз сарайдан шықтық, алайда бәрібір өз мәселемізді кәсіби деңгейде шешуге қауқарымыз жетеді, ал олар ондай емес. Мен бұл жағдайға қатты ашуландым.
Андрейдің жағдайы жақсы екеніне көз жеткізген соң, елге ораламыз. Жеткен соң э бірден жаттығуды бастаймыз, басқа жол жоқ»,- деді Пич.
Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы Михайловичпен жекпе-жекте екі белбеуін де қорғауы керек еді. Бұған дейін қазақстандық болған оқиғаға түсініктеме берген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?