Үш жылда Қазақстанда 133 спортшы допинг қолданды деп айыпталған - Спорт министрі
Соңғы үш жылда Қазақстанның 133 спортшысы допинг қолданды деген айыпқа ілінген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп жазады sadaqmedia.
Министрдің мәліметіне сүйенсек, оның арасында ең көбі – жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар.
«Допинг дауына іліккендердің ішінде 45 спортшы – ауыр атлет. Соларға жеке тоқталғым келеді. 2020 жылы допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің саны бесеу, 2022 жылы 10 болса, биылдың өзінде ғана 30 атлеттің допинг қолданғаны дәлелденді», - деп хабарлады ол.
Маржықпаев бұл ретте кейбір спортшы «саналы түрде допинг ішпейтінін, тек интернеттен сапасыз тағам алатынын» айтып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?