«Қазақтарда намыс жоқ екен»: Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне көңілдері толмай, наразылық танытып жатыр

Қыркүйек 12, 2024 - 16:00
Қыркүйек 12, 2024 - 16:03
«Қазақтарда намыс жоқ екен»: Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне көңілдері толмай, наразылық танытып жатыр

Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды. 

Алғашқы таймда 3:1 есебімен Қырғызстан құрамасы көш бастайды. Алайда күтпеген жерден кейін жанжал басталып кетеді. Көкпаршылар бірін-бірі қуып жүріп, қамшымен ұруға дейін барады. Амалсыз төбелеске полиция араласып, әрең ажыратып алды.

Осыдан кейін жарты сағаттық үзіліс жарияланды. Жарты сағаттан кейін бәсеке қайта жалғасты. Екінші таймда қазақ көкпаршылары есепті теңестіріп, 4:4 есебімен аяқтады.
«Алтын салым» салуға берілген 10 минут уақытты пайдаланып,  қазақ көкпаршылары бір салым салады. Осылайша, тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақ көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Алайда, әлеуметтік желіде қырғыз жанкүйерлері жаппай нарзылық танытып, жарыс нәтижесімен келіспейтіндерін жазуда.

«Жеңіс емес, масқара болдыңдар. Жеңісті спортшылар емес, төрешілер алып берді», «Қазақтарда намыс жоқ екен, масқара», «Төреші мүлде қарамады, масқара. Бұл жеіс емес», «Бұдан былай көкпар ойнамаңдар, масқара», «Қырғыздарға мұндай жеңіс керек емес. Қазақтар егер, еркекпіз, қазақпыз десе бұлай жасамайтын еді», «Төрешіге шапан жауып, көлік мінгізіп қойған ғой», «Тіпті ұялғаннан видеоны өшіріп тастапты», «Біздің де күніміз туар», - деп жазып жатқанын байқауға болады. 

facebook бетінде осы оқиғаға қатысты бір қырғыз сарапшысының пікірі тарап жатыр. Айтуынша, қазақтар жеңісті күшпен тартып алды. 

«Ұтқаннан жетісіп кетпейміз, сол секілді ұтылғаннан да жаман болып қалмаймыз. Тек қырғыз халқына жеңіс сыйлаймыз дегені үмітіміз ақталмады. Бұл жерде ақылға сыймайтын дүние болды. Мен сарапшы ретінде айта аламын, қырғыз жігіттері кемі жеті-сегіз салым айырмасымен ұтып тұрды. Ұят тірлік жасалды. Бірақ бұған қайғырмаймыз, керісінше шыңдаламыз. 2026 жылы бізге бұлар (Қазақстан құрамасы- ред.) қай бетімен келеді, білмеймін. Қырғызстанның тарихында мұндай болған емес», - дейді жыларман болып. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow