«Қорғас ісі»: тағы бір тұлғаның қолына кісен салынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бұрынғы қызметкері Кенжебай Жұмабеков қамауға алынды. Бас прокуратураның мәліметінше, экс-шенеунікке азаптау фактілері бойынша тергеу басталған.
"Кенжебай Жұмабеков 11 қаңтарда Алматыда азаптау күдігі бойынша қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ іске қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр",– делінген хабарламада.
Кейбір басылымдар Кенжебай Жұмабековты тұтқындалуын «Қорғас ісімен» байланысты болуы мүмкін екенін жазған.
Сіздің реакцияңыз қандай?