«Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ...» - Димаш Құдайберген құтқарып қалған оператор

Қыркүйек 17, 2024 - 16:37
Қыркүйек 17, 2024 - 16:38
«Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ...» - Димаш Құдайберген құтқарып қалған оператор

ҚР Халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде желі қолданушыларының назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалды. 

Бейнені жариялаған Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында өзінің желіде хит болып жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кадрдан камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде тұрып, құлап бара жатқанын әнші байқап, қол ұшын созғанын көруге болады.

Иә, барлығыңыз көргендей бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш ағаға рақмет! Алла әр кез өзіңізге жар болсын! Ал құрметті мобилограф, видеографтар жұмысымызда барынша сақ болайық”, – деп жазды мобилограф.

Сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертінен кейін жанкүйерлері стадиондағы қоқысты жинап кеткені де ел талқысына түсті.

"Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты. Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таңғалды. Тазалық акциясына "Астана Жастары" КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды”, – деп Астана әкімдігінің желідегі ресми парақшасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow